Мен өзiм түсiнбейтiн сөздi әрқашан көкемнен сұрап аламын. Мұндай сұрақтарыма көкем де ерiнбей жауап бередi. Бiр күнi:
– Көке, Болашақ деген кiм? – деп сұрадым.
– Болашақ – бiздiң туысқанымыз, – дедi ол.
– Туысқан болса, үйiне неге қонақка бармаймыз? Көкем күлдi.
– Барамыз. Ертең түстен кейiн жолдастарынды ертiп кел, мен сендердi Болашақтың ауылына алып барайын, – дедi арқамнан қағып.
Ертесiне балаларды түгел жинап келдім. Оқтай түзу көшемен тауға қарай ызғытып келемiз. Көп ұзамай таудың iшiндегi қалың баққа келдік. Алма, өрiк, түрлi жемiс-жидек тұнып тұр екен.
– Мiне, балалар, Болашақтың ауылына келдiк. Ал, Болашақ осы таудың басында тұрады. Анау тауды бұзып жүрген жұмысшылар Болашақтың үйiне қарай жол салып жатыр. Сол жол бiткенде мен сендердi тура Болашақтың өз үйiне алып барамын. Ал қазір қолдарыңа шелек алыңдар да, жерге түскен алманы терiп, мына жерге үйiңдер. Болашақтың салты бойынша жинап жүрiп алма жеуге болмайды. – дедi.
Қалың ағашқа кiрдiк те кеттiк. Қып-қызыл алмаларды шелекке салғың келмейдi, жеуге және болмайды. Ой, көзiм қызып әрең жүрмiн. Амал жоқ, жинап жатырмыз. Бiр кезде мен шыдамай кеттiм. Жұрттың көзiн ала берiп, қызыл сары алманың бүйiрiнен бiр тiстеп алдым. Мұнымды көкем байқап қалыпты.
– Сен Болашаққа келмей жатып ұрлық iстедiң. Ол ұрлықшы баланы ұнатпайды. Енді осы жерде тапжылмай тұр, – дедi қабағын түйiп. Мен өз ісіме қатты өкіндім. Сәлден соң көкем балаларды шақырып алды.
– Ендi алманы тойғандарыңша жеңдер. Қалағандарыңша алыңдар, – дегенi. Олар отыра қалып алма жей бастады. Мен тамсанып тұрмын. Біраздан соң көкем маған да рұқсат берді.
Ауылға қайтып келемiз. «Шiркiн, Болашақ қандай ғажап адам! Титтей еңбек iстесең, дүниенiң алмасын жейдi екенсiң. Менiң алма жеп қойғанымды Болашақ ағай естiсе, ұят болатын болды. Болашаққа баратын жол тезiрек бiтсе екен.
Сол Болашақтан жаңағы iстеген әбестiгiм үшiн кешiрiм сұраймын», – деп ойлап келемін. Тірек сөздер тауып беріндершіі​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.