МЕНЕН ЖҰМЫС
3
-тапсырма.
Мәтінді тыңда. Оқы.
Мазмұндап бер.
Бүгін – сентябрьдің бірі. Парадтағы солдаттай жаңа формамды қатып киіп, мектепке келе
жатырмын. Қолымда – су жаңа портфель, мойнымда – желбіреген қызыл галстук. -
Мектепке кірдім. Бірінші кластан бастап оқып келе жатқан осы мектеп маған туған
анамдай ыстық та бауырмал. Жаңадан сырланған мұнтаздай еден, терезе жадырап күліп
тұрған тәрізді. Мынау – біздің класс, әлі ешкім келе қоймаған түрі бар. «Орынды қай жерден
алсам екен?» деп, біраз ойланып тұрдым. Мұғалімнің қарсы алдына отырсам, қалай бола-
ды? Жоқ, одан да ең арты тиімді. Сабақ зеріктіріп жібергенде партаны ашып қойып, кітап
оқып отыруыңа немесе өлең жазуыңа болады. Бірақ əдетте артқы парталарға сабақты нашар
үлгеретін балалар әуес келеді. Өзіне сенімі күштілер қасқайып, алдында отырады. Немене?
Мен солардан кеммін бе? «Ең алға, мұғаліммен бетпе-бет отырайын» деген шешімге келдім...
Кешегі күні бойғы әрекеттен кейін тұяқ серіппей қатып ұйықтап қалыппын. Әжем
жұлқылап оятты.
- Қожа, Қожатай! Әкем-ау, сен бүгін сабағыңа бармаушы ма едің?
Көзімді ашып алып, қабырға сағатқа қарасам, сегізге он бес-ақ минут қалған екен. Атып
урегеліп, тез киіндім де беті-қолымды шайып жіберіп, бір кесе айранды тікемнен тік тұрған
үйде қотара салдым. Кеше титықтап келіп, сабақ қарауға мұршам болмап еді. Бүгінгі бола-
ын пәндерді сумкама асығыс салып алдым да мектепке жүгірдім.
Қоңырау соғылып кетіпті. Бірінші сабақ орыс тілі болатын. Анфиса Михайловна класқа
аңа кіріп барады екен, тасырлатып жүгіріп келе жатқан мені көріп, тоқтай қалды...
(Б. Соқпақбаев)
Помогите перевести пожалуйста! ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.