Менің анам...
Болатбек Мұхтар
Бала кезімде бала болып дұрыс ойiнамаған болуым керек, үйдің іргесіндеті
сайға түсіп көрмеппін. Жаным тәтті. Өзім қатарлы кара домалақтар жүгіріп түсіп,
жүгіріп шытып жүретін жардаи қатты қоркамын. Бір күні анам екеуіміз сайга
бұзауды байлауга әкелдік. (Кас бұзауды әуелі байлап бағады, үлкейіп, үйренген
соң бос қояды). Анам бұзауды басжібінен жетелеп, сайға түсіп жатыр. Мен байгуу
биік жарды көріп, жанұшырып тұрмын. Биік жар дегенім қазіргі кішкене гана
сайдың қабағы. Анама «Қорықпай, қиялап басып түс», — деп жатыр. Мен калтырап
түсе бастағанда, домалап кеттім. Домалаған күйі басымды бір дәу таска барып
соға тоқтадым. Ол кісі кәпке дейін «басың ауырған жоқ па?» деп, жиі сұрап жүрді.
Бірде ол кісі ұрадан бірнәрсе алуы керек болды, мен бақадан катты коркамын.
Сол үшін ұраға түскім келмейді. Сатымен жайлап төменге түсе бастағанда
ак, қабырғадағы тесіктерден жыбырлаған бірдеңені көріп, атып шықтым,
Акыры болмаған соң, анам жіңішке жасыл сатымен өзі түсе бастады. Бір кезде
басқыштардың бірінен соң бірі сынып кетпесі бар ма, абырой болғанда, анам
құламай, аяты сатының төменгі басқышына бір-ақ тірелді. «Ал құлап калсам
қайтер едің» деді маған. Мен әлгі көріністен-ақ мүсәпірлігіме ыза болып, жылап
тұрдЬ...-
Жазда мен үшін демалыс болғанымен, ол кісі үшін нагыз кара жұмыс
басталатын жұмыс емес, таза бейнет екенін кейін сезіндім. Қаптырық аптатга
бір топ әйел болып, ескі мектеп қабырғасының сылағын қырып түсіріп, майлап,
әктеп, сырлап жататын. Үлкен кесекті» әрі жылжытып, бері жылжытып, белінен
бел қалмай, мініп-түсіп жататыны есімде. Әттең. Ол кезде үлкенге кол ұшын
беретіндей жаста болмаппын. Анам да жастау болғанға ұқсайды.
Бала кезімде мені үнемі кесапат" торуылдағандай. Бірде екеуіміз бір ауылға
бардық. Қазір карап отырсам, анам бұрын тұрған ауылын, көршілерін салынып
барған екен. Жақсы бардық, бірақ қайтарда бір аптадай көлік болмады. (Казіргідей
емес, ол кезде ауылда көлік атаулы сирек). Сонымен бір жүк көлігімен жолға
ШЫҚТЫк. Жолда шақырайган күн аяқ астынан бұзылып, жаңбыр селдетті. Көлігіміз
жолдан тайып, аударылып кала жаздады. Содан баска келік ұстадык, Амангелді
деген ауылдың жолы жол емес, сазы езіліп жатыр. Әлгі көлік те тұрып қалды.
Анам екеуміз жақын маңдағы бір ауылға жалаңаяқ жүріп келдік. Аяқ киіміміз
жыртылып калды. Кесембай деген ауылға келіп едік, бір келіншек кала, баяғыда
Итернатта мені тамақ беріп баккансың» деп, анамды танып, үйіне қондырып,
бірнеше күн қонақ етті.
Ал бiр кыста Ойылда катты аяз болды. Әпкемді ертсмеңбір ауданға олимпиадаға
шығарып салмақ болып, екеуіміз келе жаткан едік. Таңертең дала тастай қараңғы
екен, автовокзалға жақындап калган бойымыз еді, бір қуыстан әйел ме, еркек
пе, бір кісі шайтандай болып атып шығып, айқайлап, қуа жөнелді. Өмірде
катты қорыққаным осы шығар. Әпкем екеуіміз көктайғаққа тайып жыгылсақ та,
артымызга карамай қашып келеміз. Үйге келіп, маманы алып, қайтыл шықтық.
Барсақ, жаңағы жерде ешкім болмады. Гауһарды шығарып салып, мамам екеуіміз
үйге қайтып келсек, құлып аязға қатып қалыпты. Есікті аша алатын емеспіз,
тоңып, үсіп барамыз. Анам сүйменді? алып, құлыпты шынжырымен жұлып
тастамағанда, мен шынымен үсіп қалады екенмін. Қыс ауыл омірі үшін қауіп-
қатердің мезгілі сияқты.
Үйім қалаға көшіп кететін жылы мен аудан орталығындағы мектебімді
бітіруім керек болды. Туысқан әпкеміздің үйінде жатып оқыдым. Ақыры соңғы
қоңырау соғылып, емтихандарыма дайындық басталды. Анам мені емтиханға
дұрыс дайындала алмай қалар деп ойлаган болуы керек, ешкімге айтпай, күнге
тотығып, дорбасын алып, қаладан ауылға келіп тұр! Екеуіміз бір ағамыздан қалған
үйге шығып, сонда уақытша тұрдық. Алматыға кетіп бара жатқанымда, күздің
бір топырақ борап прған жаман күні еді. Анам күйгелектене бастады. Ал мен
вокзалға бару үшін досымның мәшинесіне отырып, қолымды бұлғадым да, кете
бардым.
Бала кезімде түннің бір уағында ұйқымнан оянып кетіп, мамамды да оятқым
келетін. Мен жай ғана ұйқым ашылып кеткен соң, не істерімді білмейтінмін. Сонда
нәресте күнімдегі қылыгым аздай, бес жасқа келгенше анамның түн ұйқысын
бұзатынымды түсінбеппін, мен ақымақ,
Анам жайлы жаза бергім келеді...
• Ананың балаларына деген сүйіспеншілігінің мәні неде деп ойлайсыңдар?
• Ананың тәрбиесі авторга өмірлік сабақ болды ма?
• Адамның бойындағы қандай қасиеттер оны кемел адам» биігіне
жетелейді? Неліктен?
• Қасым Аманжолдың:«Отбасы – бір мемлекет» деген өлең жолын қалай
түсінесіңдер?
- Каткан Асрці, мұзды оятын ұшы бар, ауыр сом темір
жоқтан өзгеге күйіп-пісу, сабырсызат​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.