September 2021 1 7 Report
Менің есімімнің тарихи тамыры
Менің атым-Темірлан. Ата-анамнан менің атымдағы неліктен Темірлан
деп қойғандарын сұрадым. Олар бұл аттың қазақ тарихында маңызы бар
екенін айтты.Мен өз атымның тарихи тамырын іздедім. Темірлан кім болған?
Қандай адам болған? Не істеген? Ұрпақтың есінде несімен сақталған? Осы
сұрақтар мені қатты мазалады. Кітапханаға барып, Темірлан аттасым туралы
деректер іздедім.
Әмір Темір (Темірлан) түрік, ислам әлемінің ұлы қолбасшысы, мемлекет
қайраткері болған. 1336-1405 жылдары өмір сүрген. Жаратылыстану, дін
және әскери ілімдерді меңгерген. Әмір Темір 35 жылдық билігінде Темір
мемлекетін құрған. Қытай мен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия
және Измирге дейінгі Анадолыны басып алған. Оның жерінің жалпы аумағы
14 миллион километрге жеткен. Әмір Темір өте діндар, білімді, білікті
қолбасшы, тегеурінді саясаткер болған. Әмір Темір қазақ жеріне мәңгілік
өшпес ескерткіш – қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырған.
Өзімнен Әмір Темірдің бойында болған қасиеттерді іздедім. Ол батыл,
ержүрек, дана, білімді адам болған. Мен де Әмір Темірдей өз еліме қызмет
еткім келеді. Қазақ елінің дамуына қызмет етемін де! Выберите из текста 5 предложений, вставьте числительные. помогите пожалуйста
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.