Әке – асқар тау.Отбасында әкенің орны бөлек . Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін , асырап - бағуға да , жақсы тәлім - тәрбие беруге де міндетті адам . Әке – бала үшін асқар тау . Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле - жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым . Сондықтан әкені сыйлау , оған үлкен құрметпен , ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ . Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әке десе – ауылы , ауыл десе әкесі есіне оралатын перзенттік жүрегі дамылсыз соққан . Қашан да қамқор болған сан үмітке , Өтермін сақтауменен салтыңды әсем . Көнбей ме көңіл шіркін кәрілікке , өкпелеп қалмайсың ба « қартым ” десем ! Ақын үшін , « бір ауылдың бәйтерегі » – өмірдің ащы - тұщысын халқымен бірге татқан әкесі . Сондықтан ол әкеден алатын тәрбие де салиқалы болмақ . Әке – ұрпақтың панасы , үйдің басшысы , әрі тәрбиешісі . Ол тек бір отбасының ғана емес , ауылдың , рудың қамқоршысы , ел ағасы . Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе , зор мақтаныш болмақ . Сондықтан да әке ақылымен жүру , ешкімнің ала жібін аттамай , адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі
Answers & Comments
Ответ: