Мерзімі: ------------------ Сыныбы: -------------------- Пәні:---------------------------- Оқушының аты-жөні: ---------------------------------------------------------------------------
«Туған жерім- аялы алтын бесігім» бөлімі бойынша
Балл саны: 20
Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Аяз би неліктен өзін «жаманмын» деді?
А) Уәзірлерге көмектескені үшін В) Ханның жұмбағын шешу үшін
С) Далада мал бағып жүргені үшін
Д) Өмір бойы біреудің босағасында жүргені үшін [1]

2. Жаманның Аяз би аталу себебі неде?
А) әділеттілігінде
В) көрегендігінде
С) тапқырлығында
Д) ақылдылығында [1]

3.Тіршілікте ... бол төзімді, Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
... еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған, - көп нүктенің орнына қойылатын сөздер қатарын белгілеңіз.
А) болаттай, өміріңді
В) құрыштай, тағдырыңды
С) құрыштай, өміріңді
Д) болаттай, тағдырыңды
[1]
4. Доспамбет жыраудың «Айналайын, Ақ Жайық» жырына сәйкес келетін қатарды белгілеңіз.
А) туған жерді сағыну
В) өткен өмірді аңсау
С) елді жаудан қорғау
Д) елге деген сүйіспеншілік
[1]
5. Кілең бұздай кілшейтіп, Көбелер киген өкінбес.
Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес...- қарамен берілген сөздерге сай қатарды анықтаңыз.
А) теңеу, қару, теңеу
В) эпитет, сауыт, эпитет
С) сын есім, қару, сын есім
Д) теңеу, темір сауыт,теңеу [1]


6. «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дегенді қалай түсінесіз?
__________________________________________________________________________
[2]

7. Осы заманда кімдерді «жаман» деп айтуға болады?
__________________________________________________________________________
[2]
8. Әл-Фарабидің «Өрге жүзер өнегелі ісімен, таңда адал дос өз теңіңнің ішінен» деген ойына өз пікіріңізді жазыңыз.
__________________________________________________________________________
[2]

9. Ғұлама Әл-Фарабидің қасиетін ашатындай 3 сын есім жазыңыз.
_______________________________________________________________________
[2]


10. «Сарыарқаның бойында, соғысып өлген өкінбес!» деген жолдардан не түсіндіңіз?
Жыраудың өмір сүрген заманы қандай, елді кімдерден қорғады ? Өз ойыңызды жазыңыз.
_______________________________________________________________________
[2]

11. «Аяз би» ертегісіндегі халық арманы. Эссе жазыңыз.
_______________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша ақпараттар
1 1
2 1
3 1
4 1
5 1
6 Өз ойын жазады 2

7 Өз ойын дәлелдеп жазады 2
8 Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіреді 2
9 Әл-Фарабидің 5 қасиетін жазады 2
10 Үзінді бойынша өз ойын жазады 2
11 Тәрбиелік мәнін талдайды 1
Ертегіден дәлелдер келтіреді 1
Шығармадағы мәселенің өміршеңдігін сараптайды 1
Өз көзқарасын айтады 1
Жазба жұмысының құрылымын сақтайды 1
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.