September 2021 2 11 Report
Мәңгілік Ел» идеясы

Елбасы неге Ұлытауда сұхбат бергенін анықта.

Бүркітбай АЯҒАН, Мемлекет тарихы институтының директоры: ҮЛКЕН СҰХБАТТЫҢ ҰЛЫТАУДА ЖАСАЛҒАНЫ КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ ЕМЕС

– Баршаға мәлім, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біраз мәселе бойынша өз ойын Ұлытаудағы сұхбатында айтты. Сұхбаттың Ұлытауда өтуінде қандай да бір мән бар ма?

– Кез келген халықтың өзінің бір қастерлі мекені болады. Сол секілді Ұлытау да қазақтың бірлігіне ұйытқы болған, талай ірі қадамдарының бастауына айналған, талай тарихи оқиғаларға куә болған, тарихи сана жаңғырып, сақталған жері деп есептеймін. Расында да, Ұлытаудың қазақ тарихында алар орны ерекше. Ұлытау қойнауы қазынаға толы. Бұл еліміздің дәл орталығы деуге болады. Бұл жер ежелгі заманнан бүгінге дейінгі қызу тіршілік, өнегелі өнері мен өрелі өркениеттің орталығы болып табылады. Ұлытау – көшпелі халықтың тарихи Отаны болып қалыптасқан мекен.

– Елбасы сол Ұлытаудағы әңгімесінде «Бабаларымыздың сан ғасырларға созылған күресінің ұлы жемісі ретінде Алла тағала бізге тәуелсіздігімізді нәсіп етті. Бар тарихымызды түгендеп, оны жастарымыздың санасына сіңіре білгенде ғана іргесі мығым, мақсат-мүддесі айқын, қуатты елге айналамыз» деді. Ендеше, осы қуатты, іргелі елге айналу жолында қазірге дейін не істедік? Тарихымызды жастардың санасына қаншалықты сіңіре алдық?

– Біз ең алдымен өзімізді іздедік. Былайша айтқанда, барымызды түгендеп, жоғымызды іздеуге кірістік. Әуелі, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ Елбасымыз үлкен көрегендік танытып, Тарих жылын жариялады. Тарихқа қатысты ауызша және жазба деректерді жинақтау, жазықсыз жапа шеккен ұлт қайраткерлерінің есімін ұлықтау сынды шаруалар жаппай қолға алынды.

– Қазақ тарихына қатысты құнды деректердің сырт елдерден табылып жатқаны мәлім. Бұл мақсатты жұмыстардың нәтижесі ме?

– Ұзақ жылдар бойы халықтың интеллектуалдық байлығына тыйым салынбаса да, ол цензураға байланып келгенін айттық қой. Тәуелсіздік алғаннан соң ғана тарихшы-ғалымдар толыққанды жұмыс істеуге, ізденуге мүмкіндік алды. Өзіңіз айтқандай, шет елдердің мұрағаттарын ақтарып, іздеу, зерттеу жұмыстары жүргізілді.

– Ұлытаудағы сұхбатында Елбасы Ұлытау жерінің әсемдігін, қасиеттілігін айта келіп: «Осындай әулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мәңгілік елдің жолы» деді. Мәңгілік ел болып, болашаққа сену үшін қандай болуымыз керек? Жастарымыз қандай болғаны жөн?

– Елдің мықты, қуатты елге айналуы үшін тарихты жүйелі жазып, санаға сіңіру қажет. Әйтсе де, мықты мемлекеттің мұраты тарихпен ғана шектелмейді. Қоғам түрлі керітартқыш, адамды азғындататын дерттерден аман болса екен деймін. Одан кейін жастар техника мен технология тілін жете меңгеріп, жаңа, заманауи мамандықтарға ұмтылуы қажет. Спортқа ден қойып, денсаулық сақтау мәдениетін өсіруі керек. Білімі терең, дені сау ұлт қашан да алға басады. Сол секілді, Елбасымыз өз сұхбатында айтқандай, өз мәдениетімізді, тілімізді арымыздай таза сақтап, насихаттай білгеніміз жақсы.

Әңгімелескен: Назира Байырбек

себебі тарихи мәні зор

себебі орталыққа жақын

себебі ыңғайлы мекен

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.