Мұқан қаған (Муюй Кигин) [1] – Түрік қағандығының қағаны (553 – 572ж.ж). Түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын қағанның мұрагері. Бумын қаған өлгеннен кейін таққа інісі Қара Еске отырды. Қара Ескенің мұрагері ретінде Қытай деректерінде оның інісі Иркин (Ицзинь) аталады. Ол қағандық тағына Муган хан деген атпен отырып, Йанту деген қосымша лақап есімге ие болған. Муган хан тұсында Солтүстік Қытай мемлекеттері – Чжоу, Ци және Енисей қырғыздары мен қидандар Түрік қағандығына тәуелді болып, салық төлеп тұрды. Түрік қағандығы Ұлы Жібек жолына дербес бақылау жасау мақсатымен Иранға қарсы Византиямен одақтасып, қағандықтың батыс шекарасын Әмудария өзенінің бойына дейін кеңейтті.
Answers & Comments