Мұхит (Әлемдік мұхит) — гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos — мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледіЖер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқты болып көрінеді — оның бетінің 70% астамын су басып жатыр. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған, ол Жер ауданының 360 миллион шаршы км жауып жатыр. Кейбір жерлерде мұхиттың тереңдігі 10 км асады. [1] Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км², көлемі 1340,74 млн. км³, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды.
Answers & Comments
Ответ: