МНЕ НУЖЕН ПОЛНЫЙ ПЕРЕВОД!!!!!
4-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы.
Менің атам — ағаш шебері. Атамның шеберханасы бар. Шеберханада
ағаштан бұйымдар жасайды. Атамның жанында көмекшісі бар. Ол кісілер
былтыр ағаштан қамшы, домбыра, қобыз жасады. Оларды оюмен өрнек-
теді. Домбыраның бетіне «қошқармүйіз» өрнегін салды. Қобыздың бетіне
«мүйіз» өрнегін салды. Ал қамшының сабына «Сынықмүйіз» өрнегін салды.
Былтыр Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында Қазақ ханды-
ғының 550 жылдығына арналған «Зергерлік өнер» атты көрме өтті. Атам
көрмеге ағаштан жасаған бұйымдарын қойды. Көрмеге келушілер қолөнер
бұйымдарын ұнатып, қызықты.
Көрмеге «Әдемі-ай» өнер мұражайындағы сирек кездесетін зергер-
лік бұйымдар қойылды. «Әдемі-ай» өнер мұражайының 2011 жылы бел-
гілі коллекция жинаушы, өнертанушы Баһаргүл Төлеген ашқан еді. Қазір
мұражайда 1000-нан астам экспонат бар. Онда біздің заманымызға дейін
гі І-ІІІ және VI-XII ғасырлардағы археологиялық ескерткіші бар. Көрмеге
«Әдемі-ай» компаниясының Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап
дайындаған сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен ұлттық кәдесыйлары
да қойылды. Әшекейлер қазақ халқының тарихынан сыр шертеді. Зергер-
лік бұйымдар ұлттық мәдениетіміздің дамуын көрсетеді. Ұлы даланың қол-
өнер туындылары мәңгі жасайтынына көзім жетті.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.