asmakamКөкпар көшпенделердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық ойыны. Бұл тек үлкенді-кішілі той-томалақтарда, қуанышты сәттер мен күндерде өткізілетін ойын түрі болғандықтан, кейбір ас беру, марқұм болған адамды еске алып жылдығын өткізу сияқты рәсімдер кезінде ойналмайды. Жалпы аталмыш ойынның шығу төркіні жайлы зерттеуші Ә.Қалиұлы, «қазіргі көкпар тарту әуелде әлеументтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған. Түркі қағандығы кезіндегі «дербес жасақты» осындай жаттығудан өтіп, сыналған жауынгерлерден жасақтаған. Әскери машықтың бұл түрі бейбіт күндерде көкпар тарту ойынына ұласып отырған» дейді. Расында, көшпенділердің өмір сүру салтында, жауынгерлік өнердің маңызы зор. Егер де, ат үсті сайыста дайындықсыз сарбаз ажал құшуы мүмкін. Сол себепті, көкпар сияқты ұлттық ойын түрлерін жетілдіру арқылы әскери-жауынгерлік дайындыққа мән берген. Айталық, қырғын шайқас кезінде жараланған жолдасын жау қолына тастап кетпес үшін, оның денесін іліп алып, майдан ортасынан алып шығу керек. Бұл іс көкпар тартып әбден машықтанған сарбаз үшін қиынға соқпайды. Демек, көкпар дегеніміз – жауынгерлік өнер.Жауынгерлік өнер көкпарды тарту үшін сойылған ешкі түлігін қолданады. Алтай қазақтары көкпарға көк түсті ешкіні (лақ, серке) тартатын болғандықтан ол өңірде көкпарды «көксерке» немесе «көклақ»деп те атай береді. Көкпарға лақ немесе үлкен серкенің таңдалуында өзіндік ерекшелігі бар. Лақты жас балалар тайға мініп тарса, серкені сақа жігіттер тартады.Этнографтардың айтуынша, «көкпар» сөзінің әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналыпты-мыс. Көкпар — тек қана қазақтар емес, Орта Азия халықтары арасында да кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз, өзбек тілінде «Улак тартыш», тәжік тілінде «бузкаши» деп аталады екен. Ал Ауғанстандағы «бузавиш» ойыны көкпарға өте ұқсас болса, Аргентина халқының да осы тәрізді ат спорты ойындары бар.
Answers & Comments
Расында, көшпенділердің өмір сүру салтында, жауынгерлік өнердің маңызы зор. Егер де, ат үсті сайыста дайындықсыз сарбаз ажал құшуы мүмкін. Сол себепті, көкпар сияқты ұлттық ойын түрлерін жетілдіру арқылы әскери-жауынгерлік дайындыққа мән берген. Айталық, қырғын шайқас кезінде жараланған жолдасын жау қолына тастап кетпес үшін, оның денесін іліп алып, майдан ортасынан алып шығу керек. Бұл іс көкпар тартып әбден машықтанған сарбаз үшін қиынға соқпайды. Демек, көкпар дегеніміз – жауынгерлік өнер.Жауынгерлік өнер көкпарды тарту үшін сойылған ешкі түлігін қолданады. Алтай қазақтары көкпарға көк түсті ешкіні (лақ, серке) тартатын болғандықтан ол өңірде көкпарды «көксерке» немесе «көклақ»деп те атай береді. Көкпарға лақ немесе үлкен серкенің таңдалуында өзіндік ерекшелігі бар. Лақты жас балалар тайға мініп тарса, серкені сақа жігіттер тартады.Этнографтардың айтуынша, «көкпар» сөзінің әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналыпты-мыс. Көкпар — тек қана қазақтар емес, Орта Азия халықтары арасында да кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз, өзбек тілінде «Улак тартыш», тәжік тілінде «бузкаши» деп аталады екен. Ал Ауғанстандағы «бузавиш» ойыны көкпарға өте ұқсас болса, Аргентина халқының да осы тәрізді ат спорты ойындары бар.