September 2021 1 12 Report
Может быть кто-то сможет перевести....

Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын. Кейіннен ұжымдастыру және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды.

1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді : орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды. 

ҚРсының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуі мен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды. 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті . 1991 жылдың қаңтарында "Қазақ СССР-індегі банктер және банк қызметі туралы" деген заң қабылданды. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы , ҚРсының Жинақ банкі құрылды , оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды. 1993 жылы Жинақ банкі ҚРсының Үкіметтіне қарайтын дербес заңды құрылым - "Қазақстан Халық Банкі " болып ұйымдастырылды .

Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Ақционерліқ қоғам болып қайта құрылды. 1998 жылдың шілдесінде ақционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк " Қазақстан Халық жинақ банкі " ашық ақционерлік қоғамы болып қайта құрылды. 

Сол жылы ҚРсы Үкіметінің қаулыларына , оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 "Қазақстан Ақционерлік Халық жинақ банкін 1998 - 2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы" деген қаулысына сәйкес акционерліқ қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді. Халық Банкінің бүгінгі тарихы - бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес.

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.