Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығынан туындайтын идеялар мен көркем ойларды кеңейте жазу,ашу,ұлт тарихымен,әдебиетінің өзге өкілдерінің көркем мазмұнымен байланыстара алу,ұлы баба туындыларынан өріс алатын терең танымды тарата отырып эссе жазу.
Біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін естен шығармауымыз керек. Сондықтан қазақ жазба әдебиеті мен ауыз әдебиетінің ғылымдық бір саласы историография бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт»,- деп жазған екен. Мұхтар Әуезовтей Мәшһүрдің қадір-қасиетін соншама терең түсінген қазақ аз шығар деп ойлаймыз.
Мәшһүр Жүсіптің екі томдық еңбегін жинақтап, бастыруда үлкен еңбек сіңірген Сәрсенбі Дәуітовтің еңбегіне зор баға берген қазақ әдебиетінің ақсақалы Әбділдә Тәжібаев былай дейді:
«Қазақ зиялыларының, ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпеевті білмейтіндер жоқ шығар. Әрі ақын, әрі ақылгөй жан ұлы Абайға ілесе шықты да осы данышпан ұстаздың ағартушылық жолын берік ұстанды, ақындық мұратын да өзіне мұрат етті.
Мәшһүрдің сөздің қадірін білуге, оны аса қасиет тұтып, бағалауға үндейтін жерлері аз емес. Өзі ақын болғандықтан да болу керек, ол жадында сақталған сөз маржандарының бірде-бірін назардан тыс қалдырмауға тырысты! Мысалы, оның қолжазбасында: «Жан бір асыранды құс. Дүние бір қапас. От, су бермесе қапаста тұрып аштан өліп қалады. Оған қорек беру керек. Адам баласы қайдан тамақтан семіреді, құлақтан семіреді. Мұнан мағлұм болды, жақсы сөзге жан семіреді екен. Жанның қорегі құлақ сүйсінер сөз екен. Адам тіршілігінде, денсаулығында құлақ сүйсінерлік сөз естуге талап қылып, тырмысу керек», – делініпті. Дәл осы ой, дәл осы пікір бүкіл адамзат баласына ортақ. Шынында да адам жаны жақсы лебізге, әсем әнге тәтті күйге ынтық.
Answers & Comments
Ответ: