August 2022 1 11 Report
Мәтін бойынша « Төрт сөйлем » әдісін қолданып жаз . Пікір . Дәлел . Мысал . Қорытынды .

Шыңғысханның өсиеті Ел билеу ! Бұл — мансапқор жанның ұлы тілегі . Кенет Әбілқайырдың есіне Шыңғыстың ел билеу жөнінде балаларына айтыпты - мыс деген қағидасы түсті . Ұлы хан жаулап алған жерін төрт ұлысқа бөліп , төрт баласына беріпті . Сол мәжілісте әкесінен өсиет естігісі келген үлкен ұлы Жошы : - Ұлы мәртебелі , әлем әміршісі , хан қандай болу керек ? - деп сұрапты . Шыңғыс : - Хан халқының көңілін табу үшін ақылды , ал халқы оның көңілін табу үшін тақымды болуы керек , - деп жауап беріпті . Шыңғыстың екінші баласы Жағатай : - Ханды қайткенде халқы сыйлайды ? – деп сұрапты . Шыңғысхан : Халқың сыйласын десең , тағыңнан түспе , - деп жауап беріпті .Үгедей : - Хан қайткенде тағынан түспейді ? – деп сұрапты . Шыңғысхан : Маңына өзінен ақылы төмен , бірақ құлқы өзіндей адамдарды жинай біл се , сол хан тағында ұзақ отырады , деп жауап беріпті . Шыңғыстың төртінші баласы — Төле : - Қандай хан абыройлы болады ? – деп сұрапты . Шыңғысхан : Ойынан шықпаған туған баласын да бауыздай алатын хан әрқашан да абыройлы болады , Шыңғысханның осы төрт ақылын алған төрт баласы өле - өлгенше абырой лы хан болып өтіпті - мыс . ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.