Мәтін не туралы ? Мәтін қандай стильде жазылған ? « Кітап – білім бұлағы » немесе « Кітап – ізгілік пен руханилық айнасы » деп жатамыз . Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені – кітапхана . Кітапхана – білім мен ғылымның , мәдениеттің орталығы , қасиетті орда десек , артық айтқандық емес . Әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалар туралы әңгімелейтін болсақ , Конгресс кітапханасы . Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттары Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады . Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан . Кітаптарының саны жөнінен де , алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады . Білесіз бе , мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен . Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар , 61 миллиондай қолжазба , Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы , 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа , үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет , заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы , фильмдер , 4,8 миллион карта , ноталар , 13,7 миллионнан астам сурет бар . Қазіргі таңда кітапхана басшысы - Джеймс Х.Биллингтон . Дұрыс жауап саны : 2 Кітап – ізгілік пен руханилық айнасы Конгресс кітапханасы көркем әдебиет стилі ресми стиль публицистикалық стиль Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон .​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.