Мәтін не туралы? Мәтін қандай стильде жазылған?
«Кітап - білім бұлағы» немесе «Kiman - ізгілік пен руханилық айнасы» деп жатамыз. Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені - кітапхана. Кітапхана - білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалар туралы әңгімелейтін болсақ, Конгресс кітапханасы. Конгресс кітапханасы Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттары Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бiрдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны - 3000 адамнан асады екен. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы - Джеймс Х.Биллингтон.
Дұрыс жауап саны: 2

Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.

публицистикалық стиль

Кітап - ізгілік пен руханилық айнасы

Конгресс кітапханасы

ресми стиль

көркем әдебиет стилі

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.