Мәтіндегі күрделі сан есімдерді теріп жазыңыз.
Экотуризм
Соңғы жылдары әлемдік туризм картасында еліміз эко-дестинация ретінде жиі белгіленіп жүр. Қазақстанның экотуризм бойынша рейтингтерде бой көрсетуі де соған дәлел. Мысалы, ағымдағы жылдың басында Британдық бэкпекерлер қоғамы белсенді эко-саяхатқа әуес туристер үшін 2020 жылы «must visit» тізімінде Қазақстанды «үздік бестікке» жайғастырды, беделді Gulf News баспасы мәлімдеуінше Үлкен Алматы көлі БАӘ тұрғындары үшін «Үздік-5 дестинация» қатарына кіреді. Қазақстанның бұл аталғаннан бөлек табиғи байлық, игілігі өте көп. Ұлы Дала жерінде 13 ұлттық саябақ, 10 қорық, 6 табиғи резерват, 50 қаумал, 5 қорықтық аймақ, 79 табиғи ескерткіш орналасқан. Елдегі ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтардың жалпы ауданы республика жерінің 9%-ын алып жатыр. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бұл жерге толықтай Ұлыбритания сыйып кетер еді
Answers & Comments
Ответ:
күрделі сан есімдер (2020,10,13,50,79