Мәтіндердің формасын анықта
Мәтін:А-мәтін
Ә-мәтін
Жас жігіттің даусы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап, жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып, жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған қағылез кісі. Бұл – осы өңірге аты жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан қолын түсіре берді де етсіз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып алды.
Қазақ халқы ешқашан үстіне алабажақ киім кимеген. Камзолға да, тақияға да ою-өрнек, әсіресе, сырмақ-текеметке салатын «қошқар мүйіз» жапсырмаған. Бұл – халық мәдениетінің, эстетикалық талғамының өте биік болғанының айғағы. Рас, қыздардың киіміне кейде ұсақ өрнек, алтын жіптермен зер кесте салынған, сол сияқты хан-сұлтандар салтанатты жиындарда зер шапан киіп шыққан. Соңғы кезде «Көшпенділер», «Біржан сал» сияқты жаңа тарихи фильмдерде қазақтың киімдері ғылыми-этнографиялық негіздер бойынша «түзеліп», біршама тарихи шындыққа жақындай түскені қуантады. Тарихи картиналарды, сериалдарды түсіргенде киім-кешектің сол заманға сәйкестігін қатаң талап ететін әлемдік киноиндустрияның ережелерін ескерген болар. Аталмыш фильмдерде қазақ бұқарасының киген сыртқы киімдерінде ою-өрнек атымен жоқ. Ер адамдардың бас киімдері – нағыз дәстүрлі үлгімен сырылып тігілген кәдімгі тақиялар. Ендеше, әртістеріміз бен әртүрлі салтанатты шараларда ұлттық киімді насихаттайтын бикештеріміздің киімдерін де осы жолмен жөндеуді тезірек қолға алу керек сияқты.
А мәтінінде әдеби тіл нормасы сақталмай ауызша формада, ал Ә мәтінінде әдеби тіл нормасы сақталып, жазбаша формада берілген.
Жауаптары:
1.А мәтінінде әдеби тіл нормасы сақталмай ауызша формада, ал Ә мәтінінде әдеби тіл нормасы сақталып, жазбаша формада берілген.
2.А мәтінінде де, Ә мәтінінде де әдеби тіл нормасы сақталмағандықтан, ауызша формада берілген.
3.А мәтінінде әдеби тіл нормасы сақталған, жазбаша формада, ал Ә мәтінінде әдеби тіл нормасы сақталмаған, ауызша формада жасалған.
4.А мәтінінде де, Ә мәтінінде де әдеби тіл нормасы қатаң сақталып, жазбаша формада берілген.
Answers & Comments
4.А мәтінін де Ә мәтінінде де әдеби тіл нормасы қатаң сақталып жазбаша формада берілген