Мәтінді мұқият оқы, берілген тапсырмаларды
мәтін мазмұны бойынша орында.
2014 жылдың басында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «ХХІ
ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік ел»
деп жариялады.
Қазақстанның болашағын артта қалған ғасырлар
құндылығымен сабақтастырды. Жолдауда айтылған
«Мәңгілік ел» идеясы Орхон-Енисей жазуларынан
бастау алады.
«Мәңгілік ел» идеясының тарихы үш негізден тұрады.
Оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі
«Мәңгілік ел» идеясы, екіншісі – Әл-Фарабидің
«Қайырымды қала тұрғындары» философиялық
шығармасында бұл идеяның теориялық тұрғыдан
тиянақталуы және үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның осы
идеяны негіздеген «Құтты білік» дастаны.
Бүгінде біздің «Мәңгілік ел» құндылықтары: азаматтық
теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық,
толеранттық, шын берілгендік пен патриотизм
біріктіреді. «Мәңгілік ел» болу – шектеусіз ғұмыры бар,
тәуелсіз, тұғыры биік, ғылым-білімі дамыған, бірлігі
жарасқан алдыңғы қатарлы, әлем таныған алпауыт елге
айналу. Сондықтан да, мәңгілік, әрі бәсекеге қабілетті ел
болу үшін, болашақ ұрпағымыз осы негіздегі
идеологияны бойына сіңірген болуы керек.
1. Сұрақтың жауабын тап
«Мәңгілік ел» идеясы неден бастау алады?
А) Елдің ішкі-сыртқы саясатынан
Б) Хорезмидің "Тәржіма Шаһнама"
Ә) Орхон-Енисей жазуларынан
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Ə)Орхон-Енисей жазуларынан бастау алған.