Мәтінді мұқият оқы. Мәтін мазмұны бойынша берілген ақпараттың ақиқат немесе жалған екенін анықта.
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ Отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.
Мерекенің мақсаты – ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Береке бастауы – бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей, берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
1. 1 мамыр «Бірлік күні» өзге ұлт өкілдеріне елдің тарихы таныстырылып, ұлттық құндылықтар дәріптеледі.
2. Еліміз «Береке бастауы – бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанады.
3. Бұл мейрамда ұлттардың киелі қара шаңырақта тату-тәтті, ынтымақта өмір сүріп жатқандығы тойланады.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.