Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.[10]
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол – өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
Мәдениет әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланысты. Әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейініректе білімнің қалыптасып, жазудың шығуы қоғам алдына жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттілігі туындады. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет – әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
1. Мәтіннің 1-бөлігінің негізгі ойы қандай? [1]
A) Мәдениет – жеке адамдардың өмірі
B) Мәдениет – келешекке қалатын мирас C)Мәдениет – тек қоршаған ортаның әсері
D)Мәдениет – технологияның даму өрісі
2. Ортаның өркендеуі де мәдениеттің өсуіне байланысты екендігі қай бөлімде айтылады?
A)І
B) ІІ
C)ІІІ
D) ІV
3. Мәтін қай түрде берілген? [1]
A) әңгіме
B) жарнама
C) мақала
D) эссе
4. Мәтін қай стильде берілген? [1]
A) ғылыми B)көркем-әдебиет
C) публицистикалық
D) ресми
5. Мәтіннің тақырыбы қандай? [1]
________________________________________________________________________________
6. Мәтіннің түрі қандай? [1]
________________________________________________________________________________
7. Мәтін қалай рәсімделген? [1]
_______________________________________________________________________________
8. Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз. Тақырыпты ескеріңіз және тұжырым жасаңыз.
[3]
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2-ТАПСЫРМА. ЖАЗЫЛЫМ.
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. [10]
1. Жергілікті газетке «Оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалай қалыптастырамыз?» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.
2. Сіз тәрбие сағатында «Ұлттық құндылықтар дегеніміз не?» тақырыбында баяндама оқығалы отырсыз. Баяндамаңыздың жалпы мазмұны бойынша тезис жазыңыз.
Answers & Comments
Ответ:1а,2B.3D остальное сам не зделал
Объяснение:
Пп