Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап
беріңіз.
Адамдар қандай болмасын әр түрлi iстiн айқындығын, дәлдігін, нақтылығын қалайды ғой.
Ондай әрекеттерінде ешкімге зиянын тигізбейтін, барша жұртқа түсінікті ұғым болуға
тиіс. «Осы ойдың мәнісі не?» деген мәселе төңірегінде бір топ шәкірт өзара пікірлері
тоғыспай, ұзақ таласады. Бірақ қанша айтысса да, тиянақты бір түйінге тоқтала алмайды.
Ақырында ғұлама ұстаздарына барып, пікір-таластарының түйінін шешіп беруі үшін
өтініштерін айтады.
О, құрметті ұстаз, біз ақиқаттың не екені, оның өмірге қалай келіп, әрекетсе калай ықпал
ететіні, атқаратын қызметінің мәртебесі жайында пікір таластырып, бір түйінге тоқтала
алмай дал болдық. Осы жайды түсіндіріп, түйінін тауып беруіңізді өтінеміз!... Әбунасыр
біраз ойланын отырды да, әлден уақытта басын жоғары көтеріп алып, шәкірттеріне былай
деді: Әрбір адамның көкейінде өзі иланыммен сеніп ұстанған пікірі мен нанымы болады.
Сол пікір мен наным сенімді іске, ойға жетелейді. Сол жекелік пікір мен сенім басқа бір
адамның пікірі мен сеніміне сәйкес келсе, сонда пікірлер тоғысады да, ақиқат туады. Пікір
мен сенімнің бір арнаға түспеуі дау-жанжалды қоздырады. Ал ақиқат адамға айқындықты
үйретеді. Онсыз дәлдік жоқ. Әбунасыр қорытқан ой шәкірттердің санасындағы ақиқаттың
әлі бұлыңғыр жолын нұрландырып жіберді, айқындықтың негізін анық танытты.
1.Шәкірттердің ортақ пікірге келе алмау себебі
А) Мақтанқұмарлықтары
В) Атаққұмарлықтары
С) Өздеріне тым сенімді болуы
D) Өздерін артық санаулары
E) Ақиқат пен пікірдің айырмашылығын білмеуі
2.Ойшылдың ақиқаттың тууы туралы пікірі қандай?
А) Әр адамның қарама-қайшы пікірінен туады
B) Көзқарастардың әртүрлілігінен туады
C) Адамның сенімінен туады
D) Біреудің сөзі ақиқат бола алады
Е) Көзқарастардың бір жерден шығуынан туады
матінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.