Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойын анықтаңыз. Берілген жолдарда автор сол кезеңнің қандай мәселелерін
көтереді? Ойыңызды жүйелеп, жинақы мәтін
жазыңыз.


Нұрмахан Баталұлы Алпысбаев. (Соғыс ардагері, Б. Момышұлын емдеуші дәрігер)
- Сарыағаш шипажайында 1960 жылдан істеймін. Баукең бізге 1961 жылы келіп, демалды. Бұл кезде А.
Бектің «Волоколамское шоссе» кітабын оқығам, Бауыржан Момышұлы туралы толық түсінігім бар
болатын. Ол кісі кабинетіме кіріп келгенде, орнымнан атып тұрып, құшақтап амандастым. Кездескеніме
қуанғаным сондай, бетінен сүйдім.
Баукеңнің үстінде полковниктік әскери киім, қолында папка. Өзімен бірге ала келген «За нами Москва»
кітабын маған сыйлады. Ол кезде шипажай құрылысы жаңа жүргізіле бастағандықтан палаталар
жетіспей, Баукең шопанның киіз үйінде тұрды. Одан кейін де бірнеше рет жұбайымен келіп демалды.
Бильярдты тамаша ойнайтын. Қарсыласы ережені бұзған кезде: «Сен кіммен бəскелескеніңді білесің
бе?!» – деп таяғымен сескендірген де кезі бар.
Бауыржан Момышұлын мен көп жыл емдедім. Адамдармен жақсы қарым- қатынаста болды, жұртпен
сырласып, сөйлескенді ұнататын, көпшіл еді. Ой бөліскен кездерім де аз емес, кейде ол кісімен бильярд
та ойнадым. Әділдікті сүйді. Біреу соқтығып тиіспесе, өздігінен ешкімге тиіспейтін. Тазалықты сүйетін.
Ұқыптылықпен емделді. Өсек-аяңға көңіл бөлмейтін.


1. Мәтіндегі негізгі ой....
2. Мәтінде көтерілеген 1- мәселе....
3. Мәтінде көтерілеген 2- мәселе... .
4. Мәтінде көтерілеген 3- мәселе... .
5. Автордың ойы....
6. Менің ойым... .​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.