Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Көрерменің қандай, қазақ театры? Театр - мәдениет ошағы. Ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге дамып келеді. Адам жанының емшісі болып жүрген театрымыздағы көрермендердің мәдениеті қай деңгейде?
Қай театрды алып қарамаңыз, көрермен жетерлік. «Қара халықтың мәдениетті болуынан, мәдениетті адамның қазақ болуы қиын", - дейді Ж. Аймауытов. Уақыт өткен сайын бұл пікірге көзіміз жетіп жүр.
Бүгінгі күні халықтың мәдениетті, мәдениеттінің қазақ болуы да қиындап бара жатыр. Алпыстар шамасындағы кәрермендер ертеректе енер ошағындағы мәдениеттің жоғары болғанын тамсана айтады. Расында да, солай ма, бүгінгі күні көрермен. шынымен, өзгерген бе?
Қалай десек те, театрдағы халықтың мәдениетін көргенде ішіне найзағай түскендей күйге түсетініміз жасырын емес. Қойылым кезінде ұялы телефонының қоңырауына ие бола алмай, онымен қоймай, телефонмен еркін отырып сөйлесу, орынсыз қол шапалақтау, кішкентай балалардың жылаған даусы, жастардың жырқ-жырқ күлкісі көзі ашық көкірегі ояу басқа көрермендерді мезі етеді. Желсіз күні қауіп шақырмасақ та, бұлар біраз ойлантатын жайттар.
Театрға киіп келетін киім үлгісі де өз алдына бөлек талғамды талап ететін мәселелердің бірі. Тіпті, театрдан спорттық үлгіде киінген көрермендерді көрсек, таңғалмайтын дәрежеге жеттік. Осы орайда, жаңа қарқынмен келе жатқан тәуелсіз елдің театры: «Мен түзелдім, көрермен, сен де түзел!…» дейтіндей боп көрінеді де тұрады.
1. Автор көзқарасын анықтау мақсатында мына сұрақтарға жауап бер.
Театр қандай орын?
Қойылым кезінде қандай келеңсіз жағдайлар болады?
Көрермендер театрға қандай киім киіп келеді?
Answers & Comments
Ответ:
1) Театр-Мәдениет орны.
2) Қойылым кезінде телефонның қоңырауы,баланың жылауы,телефонмен сөйлесу,т,б.
3) Спорттық,костюм,жеңіл киім,т,б.
Объяснение:
Жеңілдеген де кәдімгі үйге киетін киім.