Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Еуропаның көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі туындыны көреді. Бұл туынды өте қымбат екен. Бала суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпеген соң, ала алмай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды. Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің сатылмағанын көріп қуанады. Суреттің авторына келіп: «Салған суретіңізді ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинадым. Суретті маған сатыңызшы», - деп бір уыс ақшасын суретшіге береді. Суретші біраз ойланып, суретті әдемі қағазға орап, балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады. Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: «Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға кетер еді. Неге су тегінге саттың?» – деп сұрап еді, суретші: «Иә, бұл суретті миллионға не одан да қымбатқа сататын едім, алайда суретті сатып алу үшін бір жыл бойы ақша жинайтын адам табыла ма?» – дейді.
А.Мәтін қалай басталады?
а)бала суретті сатып алады
ә)бала әдемі суретті көреді
б)бала ақша жинайды
Ә. Мәтіннен «барға риза болу» тіркесінің синонимін табыңыз?
а)су тегін
ә)қанағат
б)қуаныш
Б. Мәтін немен аяқталады?
а)суретші баланың қанағатшылдығына риза болады
ә) суретші суретті миллионға сатып, бәрін таң қалдырады
б)бала суретті атасының туған күніне алады
В. Мәтінге сай мақал- мәтелді таңдаңыз?
а) «Ақыл-азбайды, білім-тозбайды»
ә) «Еңбекпен тапқан нан тәтті»
б) «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас»
Г. Қажетті сөзді қойыңыз «Әркімнің өзі іздеген .............. бар, ....... ақшасына сонан алар»
а)базар, маржан
ә)ақшасына, сәулесі
б)нәрсесі, сомалап
Помогите пожалуйста