Мәтінді мұқият оқыңыз. Не туралы айтылатынын анықтап, мәтінге ат қойыңыз.
Отырар - Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі болған.
Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан
облысы Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Ежелгі
Отырар шұраты Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқан.
Шұраттың негізгі су көздері Арыс пен Сырдария. Олардан шығарылған каналдар,
қалалар мен мекендерді сумен қамтамасыз етіп, егістікті суаратын. Тек, судың
молдығынан ғана, бұл жерде егіншілік мәдениеті дамыған.
Отырар ортағасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған аймақ астанасы
ретінде кеңінен танымал болған. Отырар орнында елді мекеннің пайда болуы
біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларына сәйкес келетін. Алғаш рет «Отырар» және
«Фараб» атаулары жазба деректерде б.д.IX ғ. кездеседі. X-XII ғғ. кезеңі, моңғол
шапқыншылығы тамырын шапқан қалалық өмірдің гүлдену кезеңі болған. 1219
жылы Отырар Шыңғысхан әскерінің соққыларынан құлаған. Алайда, Отырар қайта
түлеп, ХІІІ ғасырдың ортасында Батыс пен Шығыс арасындағы жолда ірі сауда
орталығына айналған. 1405 жылы Отырар сарайларының бірінде Темірлан қайтыс
болады. Отырардағы өмір XVIII ғасырға дейін жалғасқан. Қала жұрттың жалпы
сипаты Қазақстан мен Орта Азиядағы ортағасырлық ескерткіштердің көпшілігінің
сипатына тән. Отырарда сонымен қоса ғажайып үлкен қыш ыдыстар xумдар,
көптеп кездеседі. Олардың кейбірінің үлкендігі адам бойындай зор болған. Ол
ғажайып ыдыстарда, құмыраларда астық, жем сақталатын. Қазір Отырар
қазынасының аса бір көзге елеулі көрінетіні - оның керамикалық ыдыстары, күміс,
Қола құмғандары және түрлі қыш қақпақ дастархандары. Қаншама ғасыр өтсе де,
табақтардағы бояулар өз сапасын жоймаған.
Answers & Comments
Өзің таңдап ал)
1)Отырар
2)Ежелгі қала-Отырар
3)ескі қала
4)көне қала-Отырар