Мәтінді мұқият оқыңыз. Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз
Құсбегілік – ата кәсіп.
Халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан өлмес мұрасы – құсбегілік, оның төл өнері, ұлттық мақтанышы. Әрине, туған табиғатын төл перзентіндей аялап өткен қазақ үшін ит жүгіртіп, құс салудың қанында барлығының айқын дәлелін, жер бетіндегі халықтардың ішіндегі жеке дара осы текті дүниесінің алтын арқауын жоғалтпай, күні бүгінге дейін алып келгенінен көруге болады.
«Есі кірген — ескісін іздейді» деген қағида ертеден бар. Киіз туырлықты көшпелі елдің құс салу өнері кәсіптен гөрі, серуен, сейілге, спортқа жақын. Бұл өнерді кейде «салбұрын», кейде «саятшылық» атауымыз содан.
«Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы…» — жігіттің жігітіне жарасар, серінің серті мен серігіндей өнер.
«Атам өлсе қойылар, атан өлсе сойылар, ал мынадай қансонар енді қайдан табылар» — деп, дүниенің бәрін тәрк етіп, құсын қолға ондырып, жүйрігін жаратқан ер мінезді елдің ұрпағымыз.
Халқымыздың арғы-бергі тарихын зерттеушілер саятшылық кәсіптің үш мың жылдан аса тарихы бар деседі. Ал, ғалымдардың зерттеуінде айтылғандай, Тамғалы тастағы саятшының қыран құспен аңға шыққан сәтін бейнелеген өрнекті суреттің салынғанына екі мың жылдан әріде десе, бүгінгі жеткен шындыққа бергісіз жүздеген аңыздардың өзі неге тұрады?!
Халқымыз қансонарды ерекше қадірлеген. Шытырлаған аязда қызара бөртіп, таза ауаны еркін жұтып, ат үстінде жүрудің өзі қандай ғанибет! Салауатты өмір салтының далада екенін түсінсек жалқаулықтан тапқан сырқаттарымыздан айырылар едік.
Әр адамға өз елінің аң – құстары аса қымбат. Қазақ қалқы қыран құстары киелі деп көп аулап ұстамайды. Оларды қорғайды. Қыран құстар ғалымдардың бақылауынша 100 жылға дейін өмір сүреді. Қазақ құсбегілері бүркіт жасын былайша есептейді.
Answers & Comments
осылай шыгар, былмедым