Мәтінді оқы. Журналист қыздың мақсаты қандай?
Айзат: – Қайырлы күн, менің атым Айзат, мен журналистиканы бітірген жас маманмын. Мен ауыл өмірінің қиындығы мен қызығы туралы шағын зерттеу жасап жүр едім. Жазира ханым, сізге бірнеше сұрағым бар еді.
Жазира: – Танысқаныма қуаныштымын, мен осы ауылдың қоғамдық жұмыстарымен айналысамын.
Айзат: – Қазақ үшін ауылдың экономикалық, этникалық, мәдени, әлеуметтік маңызы өте зор. Ауыл – ұлттық дәстүрді сақтаушы орта, ұлтымыздың негізгі тірегі болып келді. Алайда, осы бір ерекше әлеуметтік қауымдастықтың күйзеліске ұшырағанына көп болды. Бүгінгі күнгі ауылдың басты қиындықтары қандай деп ойлайсыз, Жазира ханым?
Жазира: – Қазіргі таңда Қазақстан халқының 45%-ын ауыл тұрғындары құрайды. Жалпы, ауылдардың өзі әртүрлі, үлкен ауылдар да, 5-6 үйден тұратын ауыл да бар. Бірақ, шет мемлекеттерде ауыл деген ұғым жоқ, мысалы, Францияда жеке-жеке фермерлік шаруашылықтар. Оларға электр желісі тартылған, жолы бар, техникасы бар, байланыс реттелген. Бұл енді шаруашылық жүргізуге де ықшамды. Ал, біздің ауылдарда шаруашылық жүргізуге алған жері ауылдың сыртында, бес-он шақырым қашықта, тұратын жерлері бір бөлек. Сондықтан, бізде ауылдың жағдайы қиындау.
Айзат: – Одан да басқа халықтың білім, ғылым, медицина саласында қандай қиындықтар бар?
Жазира: – Тағы бір өзекті мәселе, ауылдан қалаға көшу жиілеп кетті, әсіресе жастар ауылда тұрғысы келмейді. Соның салдарынан мектепке, балабақшаға баратын балалар азайып, мектептер мен бақшалар жабылып жатқан ауылдар да бар. Осы сияқты мәселелер мені қатты алаңдатады.
Answers & Comments
Ответ:
Ауыл қиындықтарын зерттеу.
Объяснение:
Мәтінде бәрі айтылған.