Мәтінді оқы(1-оқылым мәтіні). Ішкі сауданың негізгі көлемі кімдерге тиесілі? Агроөнеркәсіп саласында жұмыс істеп отырған кәсіпкерлер үшін сауда орталықтарының сөрелерінде отандық азық-түлік өнімдерінің қойылу мәселесі өзекті. Импорттық тауарлардың орнына елімізде өсірілген әрі дайындалған өнімдердің сатылуы аса маңызды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы 6 жылда азық-түлік тауарларының көтерме сауда 3 есеге артқан, яғни 1,5 трлн теңгеден 4,4 трлн теңгеге дейін артқан. Сауданың 80%-дан астамы ұсақ саудагерлердің үлесіне тисе, тек 9% ғана ірі көтерме сауда желісі арқылы өткізіледі. Тауар жеткізудегі көлік, логистикалық шығын, жүкті тасымалдау, сақтау шаралары өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықта тауардың құнын 2-3 есеге дейін қымбаттады. Осылайша тұтынушы қымбат бағада өнім алады, ал пайданы өндіруші емес, ортадағы делдалдар көретіні анық. Осы ретте көтерме-үлестіру орталықтарын құру арқылы бөлшек саудамен айналысатын базарларға, дүкендерге, мейрамхана, дәмхана, қонақ үй желілеріне көтерме сауданы ұйымдастыру ұсынылып отыр. Сарапшылардың айтуынша, көтерме-үлестіру орталықтары құрылысының бастапқы кезеңінде мемлекеттік қолдау аса қажет. Осылайша, Үкімет екі негізгі мақсатқа жетеді: бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екіншісі – жыл бойы баға тұрақтылығы. Бұл шарт заңнамаға тиісті нормаларды енгізумен және қажетті инфрақұрылымды салу арқылы орындалады. Елімізде әрбір азамат туған жердің топырағында өскен таза әрі пайдалы өнімді пайдалануы үшін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау қажет. Ал көтерме-үлестіру орталықтары арқылы «Made in Kazakhstan» брендін қалыптастырып, нарықта бәсекеге қабілетті өнім дайындау мүмкіндігі арта түседі.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.