Мәтінді оқы.Мәтіннен көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақылау сұрақтарын құрастырыңдар . ( 5 сұрақ )

Әлкей Марғұлан Еліміздің аса көрнекті ғалымы , Қазақ КСР - інің еңбек сіңірген қайраткері , Қазақ КСР мемле кеттік сыйлығының лауреаты Әлкей Хақанұлы Марғұлан – Қазақстан ғылымының тарих , әдебиет өнер , археология , этнография , география , архи тектура сияқты алуан саласында қажырлылықпен еңбек етіп , өзіндік із қалдырған ғалым . Ғалымның Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнері нің тарихынан » , « Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті » , « Қазақстанның киіз үйі мен оның жасалуы » , « Ежелгі мәдениет куәлары » , « Шоқан және Манас » кітаптары туған өлке міздің мыңдаған жылдық тарихи - мәдени шежіресін зерделеген құнды еңбектер болып саналады . Ғалым бірнеше археологиялық ескерткіш тауып , ежелгі қорым - қоныстардың орнын анықтады . Талас , Шу , Сырдария өзендері бойындағы ежелгі қалалардың орнында қазба жұмыс тарын жүргізді . Ортағасырлық Отырар , Тараз , Сығанақ , Сайрам қалаларының мәдениетін зерттеді . Орталық Қазақстан төңірегіндегі қола дәуірінің Беғазы - Дәндібай мәдениетін ашты . Қазақстан жерінде ежелден сазбалшықтан ыдыс жасау , металл өңдеу кәсібі және сәулет , құрылыс өнері болғандығын дәлелдеді .
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.