Мәтінді оқып, негізгі ойдың өрбуіне сай мазмұндық реттілігін анықта.
Әрбір өзгерген жазу халықтың жылнамалы тарих қойнауынан сыр шертпек. Әрбір қаріп рухани жетілудің, мәдени толысудың қайнар көзі, кемелденген өркениетке бастаудың бұлағы болып қала бермек.
1926 жылы Әзірбайжанда бірінші жалпыодақтық түркологтер съезі өтіп, онда Кеңес Одағы құрамындағы түркі халықтарының әліпбилерін латынға көшіру мәселелері қызу талқыланды. Соның нәтижесінде 1929 жылдың 7 тамызы күні Орталық атқару комитеті мен Халық комиссарлар кеңесінің қаулысымен бірыңғайланған жаңа түркі алфавиті қабылданды. Қазақ мәдениеті алтын ғасырды құраған, қазақи тал бесікте тербеткен ұлт зиялыларының латын қарпіндегі туындыларымен толысты. Асылында, жазу тек қәріптің өзгерісі ғана емес, тарихи таным, тарихи сананың өзгерісі еді...
Тарих беттерін парақтар болсақ, қазақ даласында бірнеше алфавит қолданыста болғанын көреміз. Ол әліпбилердің өз заманында біздің тіліміздің тарихында алар өзіндік орны мен маңызы болғанына ешкімнің таласы болмасы хақ.
Араб әліпбиінің қолданылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азияға ислам дінінің таралуымен тікелей байланысты болуы да заңды құбылыс еді. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында араб қаріптері негізінде Ахмет Байтұрсынов жасаған әліпби шықты. Ел арасында «төте жазу» атанған бұл әліпби 1912-1929 жылдар арасында қолданыста болғаны белгілі. 28 қаріптен тұратын бұл алфавит негізінде қазақ зиялылары ел болашағы хақында ой тербеп, қаламын өткір қылыштай сермеді.
Answers & Comments
Ответ:
комек бердым деген умыттемын