Мәтінді оқып шығып, тұйық етістіктерді табыңдар. Тұйық .
етістіктердің түрленуіне мән беріңдер.
Домбыраның пайда болуы.
Аңыздардың бірінде домбырадағы жоғарғы тиектің қалай пайдаа
болуы жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар
шегіп, әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға
аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң
талдан бір шыбық кесіп алып, оған жылқының қылын керіп
байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасалған
тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығуы мүмкін емес еді. Тым-
тырыс, меніреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай
салады да, өзі қисайып ұйықтауға кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған
аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған
батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны
әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр:
«В, бұл шайтанның ісі болуы мүмкін ғой», - деп ойлайды. Бәлкім,
халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атауына осы
оқиға себеп болған болар,
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.