Мәтінді оқып, тапсырмаларды орында.
Жұрт жүгіріп барып қараса, Ораздың оғы бергі құлақтан тиіп, арғы құлақтан шаққан екен дейді. Шошқа
өліп қалыпты!..
Ораздың енді бір мергендігін былайша сипаттасады жұрт: тағы бір жазда, ел жайлауда отырғанда той
болады. Тойға жиналған жұрт көлдің жағасындағы көк майсала отырып, алдарына табақ тартылған кезде,
аспанның биігіне шығып ап, бір бозторғайды қуып жүрген тұрымтайды көреді. Тұрымтай бозторғайды
әлденеше рет шалып, іле алмайды, тұрымтай шалған сайын бозторғай биіктеп ұша береді.
Бозторғайды аяған жұрт: «Бұл бейшара неге төмен қарай ұмтылмайды, неге жоғарылай береді» десе,
біреу: «Төмендесе-ақ қағып түспей ме тұрымтай, соны біліп жоғарылып барады,» дейді. Аздан кейін
бозторғайдың екпіні бәсеңдеп, тұрымтайдың екпіні күшейе бастағанын көреді жұрт. «Айпырай, енді
шалады ау, бейшараны!...» деп аяған жұрт шуласа бастаған кезде, жиынның арасынан мылтықтың дауысы
гүрсе ете қалады. Со кезде торғайды ілгелі жүрген биіктегі тұрымтай қаң көбелек ойнап төмен қарай
құлдырай құлайды.
Біраз уақыт өткен соң, жұрт бозторғай мен тұрымтайдың арасында қандай іс-әрекетті байқады?
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.