Мәтінді оқып, тірек сөздерді ретімен орналастыр.
a
Адам мен табиғат – қатар ұғым. Себебі табиғатсыз адам болмайды, адамсыз табиғат болмайды.
Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сынды табиғатсыз да өмірдің мәні жоқ.
Қаймағы бұзылмаған қазақ халқы қашан да «табиғат» ұғымын ұлықтап, тағзым еткен. «Адам
табиғаттың патшасы» деген ұғым сондықтан айтылса керек. Құндылығын жоймаған бұл ұғымды
өзгеше түсініп, «өз жерім – өзім қожа» деп білгенін істеп, немқұрайлылықпен қарап, табиғатты
қорғаудың орнына жағымсыз іс-әрекеттер жасау – нағыз ақымақтың ісі. Сонау заманның қырат-
қырат белестерінен байқасақ, еліміз шұрайлы өлкеге, әсем де сұлу табиғатқа, тіпті орасан зор
құдіретті күшке ие екендігі тайға таңба басқандай анық байқалады.
Сондықтан да «Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ», «Табиғат – жер
байлығы, батырлар – ел байлығы», «Жер – ана, ел – бала», «Табиғат – тал бесік» сынды мақал-
мәтелдер бекер айтылмаса керек-ті. Ендеше, ата-бабаларымыздан аманат болып, ұрпақ
сабақтастығының бірі саналар табиғатты қорғау әрбір перзенттің міндеті екендігін естен
шығармайық,
1 табиғат туралы ұғым
І жағымсыз іс-әрекеттер
1 ата-бабаларымыздан аманат​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.