Мәтінді оқып, жоспарын құр.
Оқылым мәтіні


Отбасылық құндылықтар дегеніміз – бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.

Дәстүрлі отбасылық құндылықтар
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз – ата-бабамыздан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан жас отбасыға беретін ақыл – кеңестері мен өсиеті. Қазіргі таңда жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға дәстүрлі отбасылық құндылықтар туралы білім беру қажеттілігі айқын аңғарылады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі көрініс табады. Бірақ олардың ортақ тұсы бар. Мысалы, кез - келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, балаларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар туралы ешқандай жазылмайтын дала заңын әрбір азамат білуі тиіс. Қазақ отбасын өте қатты қадірлеген. Отбасы мүшелерінің әрқайсысының өз орны мен беделі болған. Әке – әрқашан ең биік тұлға, ана – отбасында мейірім себуші жан. Сонымен қатар қыз баласын қонақ деп қарап, әрқашан жоғары шығарған. Ал ұлдары әкесінен үлгі-өнеге алып, ең кенжесі қара шаңырақтың иесі атанған.
(Баллов: 1​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.