Мәтінді тыңда. Мәтінге тақырып қой. Жоспар құра.
Қазақ халқы өнерсүйгіш халық. Оның музыкалық мәдениеті өте бай. Халқымыз ақын,
әнші-сазгерлерді ерекше құрметтеген. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай қазақтың
классикалық әндерінің негізін қалаған. Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу
мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту жақсы дамыған. XIX ғасырдың екінші жарты-
Сында қазақ халқының арасынан көптеген әнші-композиторлар, жырау-жыршылар, ақын-
күйшілер шыққан. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және т.б. Қазақ
халқының ән-музыка мәдениетінің дамуына Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Майра,
Жамбыл, Кенен, Әміре сияқты ұлы тұлғалар үлес қосқан.
Этнограф және сазгер А. В. Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін
рі
жазып алып, «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген
жинақтар жариялаған. Осыдан-ақ қазақ музыкасының қаншалықты бай екенінін көруге бола-
ДЫ.
Музыка классикалық музыка, халық әндері, халық күйлері болып бөлінеді. Оны
үлкен залдарда оркестр орындайды. Классикалық музыка терең мазмұнды болып келеді.
Қазақ әндерінің көпшілігі домбыраның сүйемелдеуімен орындалады. Қазақ әндері татулық
пен бірлікті, байсалды мінезді, ақылдылықты насихаттайды. Қазақ халқының кең тараған халық
әндері: «Дудар-ай», «Гүлдерайым», «Бір бала» және т.б.
Халық күйлері — халықтың тұрмысын, салт-дәстүрін, адамның тағдырын баяндайды. Халық
күйлері ұрпақтан ұрпаққа жеткен. Сондықтан олардың авторлары ұмытылып, халықтың күйі
деп аталған.
Answers & Comments
Ответ:
Объяснение:
Изинии , у меня только вопросы .
1) А.В Затаевқа неше ән мен күй жазады?
2) Қазақ халқының ән-музыка мәдениетін дамытуға кім үлес қосты?
3) Халық күйлері туралы не айтады ?