Мәтінді тыңда. Құмыра туралы 4 негізгі ақпаратты тап.
Қымбат құмыра
Айжан елордаға келді. Елордада әдемі ғимараттар, мәдени орындар, дүкендер көп.
Айжан дүкенге барды. Айжан сатушыдан:
– Анау құмыра неше теңге тұрады? – деп сұрады.
– Қай құмыра?
– Әне, анау тұрған құмыра.
– Ол құмыра 8000 теңге тұрады. Айжан таңғалды:
– Неге бұл құмыра қымбат?
– Бұл – авторлық жұмыс. Құмыра саздан жасалған. Бұл құмыраны он тоғызыншы ғасырда атақты Омар ұста жасаған.
– Қымбат екен. Бірақ мен аламын. Анама сыйлаймын. Міне, 8000 теңге.
– Тамаша сыйлық. Сау болыңыз!
Дұрыс жауап саны: 4
Құмыраны атақты Омар ұста жасаған.
Құмыра саздан жасалған.
Айжан таңғалды.
Айжан елордаға барды.
Құмыра он тоғызыншы ғасырда жасалған.
Айжан құмыраны анасына сыйлайды.
Анау құмыра қымбат: 8000 теңге тұрады.
Answers & Comments
Ответ:
Құмыраны атақты Омар ұста жасаған.
Құмыра саздан жасалған.
Құмыра он тоғызыншы ғасырда жасалған.
Анау құмыра қымбат: 8000 теңге тұрады