МӘТІНГЕ ҮШ СҰРАҚ ҚҰРАСТЫРУ.

Қоян өзін қалай қорғайды Қоянның өткір тырнағы да, азулы тісі де жоқ. Оның есесіне ұп-ұзын сақ құлағы мен желдей ескен жүйрік аяғы бар. Оның жауы көп, ал одан құтылудың жолы біреу-ақ, онысы: қауіп-қатерді дер кезінде сезіп-біліп, зыта жөнелу. Қоян желдей есіп, зымырайды жәнс оның үстіне ізінен адастырып кетеді. Ал енді мықты болсаң, ізін кесіп көр.
Демек, бұл қоянның қорқақтығы емес, нағыз сауысқандай сақтығы болып табылады. Дегенмен, қоян кейде өзін басқаша да қорғай алады. Ол жапалақты немесе үкіні дер кезінде байқай қалса, шалқасынан жата қалады. Мұндайда оған жақындамаған жөн, өйткені оның артқы аяқтары кәдімгідей қауіпті, күшті болады. Теуіп жіберсе, жапалақ пен үкі түгіл итті де оңдырмайды.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.