Ә мәтіні
Жануарлар туралы ертегілер
Жануарлар туралы ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі. Жануарлар туралы ертегілер, негізінен, үш топқа бөлінеді: этиологиялық жануарлар туралы ертегілер, классикалық жануарлар туралы ертегілер және мысал ертегілер (аполог). Этиологиялық жануарлар туралы ертегілер — өзінің шығу мерзімі жағынан мұндай ертегілердің ең көнесі. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі, оның солай болу себебі жайында баяндалады. Бұл топтағы ертегілердің басты ерекшелігі — оқиғаны себеп-салдарлы сипатта баяндауы және байырғы синкреттілікті сақтап қалуы мен этиологиялық мифке жақын болуы. Бұл ертегілердегі хайуанаттардың сипаттамасы басқа елдер ертегілермен сарындас. Мысалы, түлкі — аса айлакер, екі жүзді, алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс — адуынды озбыр, қара күш иесі, аю — икемсіз, қарабайыр, т.б.
Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап, 3 сөйлеммен жазыңыз.
Answers & Comments
Ответ:
жануарлар туралы ертегіні дамытып оларды жаңа қырымен ашу
қай жануардыңқандай екенің қандай мінезді екенің көрсету
балалардың білімін дамыту