мәТІНМЕН ЖҰМЫС
тапсырма.
4 мәтінді оқы. Ат қой. Түсінгеніңді айт.
Кең-байтақ Қазақ даласы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдікке аса бай. Соның
бірі — даланың сәні, көктемнің белгісіндей болып шығатын қызғалдақ. Біздің жерімізде
ызғалдақтың 32 түрі кездеседі
. Оның 12 түрі — эндемикалық, яғни тек Қазақ жерінде ғана
есетін қызғалдақ саналады. Сондықтан Қазақстан «Қызғалдақтың отаны» аталады.
«Қай ел - қызғалдақтың отаны?» деген сұрақ бойынша талас та бар. Дүниежүзінде
қызғалдақтың тұқымын алып, өсіріп жатқан ел көп. Бірақ Қазақстандағы қызғалдақтар табиғи
таза, көпжылдық өсімдік саналады. Сондықтан олар хош иісті, айналасына ерекше жұпар
шашып тұрады. Олардың биіктігі 30-35 см болады. Қызғалдақтың түстері де алуан түрлі бо-
лып келеді: қызыл, сары, қызғылт, қызыл сары және т.б. Қызғалдақтардың ішінде көп кезде-
сетіні - қызыл және сары түстілері.
Біздің жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрі «Қызыл кітапқа» тіркелген. Сондықтан
қызғалдақтарды көздің қарашығындай сақтау керек.
Найдите прилагательные.
Answers & Comments
Тақырып: Қызғалдақтық отаны- Қазақстан.
Менің түсінгенім: Қазақтың кең байтақ жері түрлі қазба байлықтарға, өсімдік пен жануарларға өте бай екені бүкіл Жер шарына мәлім. Соның бірі көктемнің әдемі символы- қызғалдақтар. Дүниежүзінің ғалымдары талай жылдар бойы қызғалдақтың отаны кім екенін іздеп келеді. Осы атаққа ие болу үшін талай ел жасанды қызғалдақтар өсіріп жатыр. Ал біздің еліміздегі қызғалдақтар табиғи болып саналады. Сол үшін де қызғалдақтың отаны- біздің еліміз Қазақстан болып саналады. Біздің ұлан-байтақ жерімізде қызғалдақтың түр-түрі бар. Оның бірнешеуі Қызыл кітапқа да еніп үлгерген. Сол үшін жеріміздегі қызғалдақтарды, тіпті барлық өсімдікті көзіміздің қарашығындай сақтауға тиіспіз.
(Егер де өте ұзақ болып кетсе, қысқартып алсаңыз болады.)
Сын есімдер: табиғи, таза, көпжылдық, ерекше, қызыл, сары, қызғылт, қызыл сары,