Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз
Отбасы – қастерлі ұғым. Отбасындағы тәрбие ұйытқысы - ата мен әже. Олар даналық пен ақылдың алтын діңгегі. Әке – отбасының қамалы, ер баланың тәрбиесіне жауапты адам. Ана – отбасының алтын қазығы, мейірім мен жылылық тарататын адал да аяулы жан.Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый - құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көрегенділік деп есептеледі. Дәстүрлі қоғамда ата - апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата - апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.
Әке үйі барлық балалары үшін «үлкен үй», «қара шаңырақ» деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Answers & Comments
Ответ:
Отбасы, туысқан,мемлекеттік заңдар,адам баласы, ұя,алтын бесік, жақсы қасиеттер
Объяснение:
Вот надеюсь помогла