Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырып, түсінген-
деріңді айтыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.
Мамандардың пікірінше, компьютер - балалар үйренуге міндетті заманауи байланыс құралы. Компьютер баланы талдау жасап, стратегиялық түрде ойлануға, өзінің іс-қимылын алдын ала есептеп, әрекет жасауға үйретеді. Сонымен қатар компьютердің көмегімен бала ақпарат іздеуге, ең бастысы, бірдеңені күрастыруға, жасауға бейімделеді. Мұның сыртында компьютер бала қолының икемділігін арттырады. Саусақтардағы нақты бір нүктелерді баса отырып, белгілі бір органдарға оң ықпал етуге болады.Жалпы алғанда, компьютер баланың ептілігі мен тапқырлығын ұштайды, құрбы-құрдастарымен араласу мүмкіндігін ұлғайтады.Компьютермен әуестенген баланың алдынан қызық та таңғажайып әлемге жол ашылады. Ең дұрысы, сол жолға балаңызбен бірге қадам басқаныңыз абзал.
СРОЧНО ПОМОГИТЕ
Answers & Comments
Компьютер қандай құрал?
Компьютер не үйретеді?
Компьютер арқылы бала неге биімделеді?
Компьютермен әуестенген балада қандай жол ашылады?
Компьютер туыстық қатынасқа тигізер пайдасы бар ма?
Тақырып: Компьютер пайдасы