Мұнай мен газ кенорындарын барлаудың алғашқы сатысы; қорлары С. категориясы, жарым-жартылай С, категориясы бойынша алдын ала бағаланған кенорындар мен жатындар өңірінде жүргізіледі. К.Б.-дың негізгі мақсаттары: кенорындардың (жатындардың) өндірістік маңызын нақтылау мақсатында олардың басты сипаттарын анықтау; С1 және С2 категорияларына тиесілі кенорын қорларын есептеу; кенорындарды (жатындарды) өндірістік және өндірістік емес топтарға жіктеу; барлау нысандары мен қабаттарын таңдап алу, нысандарда тәжрибелік-өндірістік игеру жұмыстарының кезектілігін және оларды өндіріске дайындау ретін анықтау. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жатындардың фазалық жағдайы, мұнайдың, газдың және газды конденсаттың беткейлік және қойнауқаттық жағдайлардағы физикалық-химиялық қасиеттері, олардың тауарлық сапасы, жинауыштардың сүзбелік-сиымдылық сипаттары зерттеледі; жатындардың типтері, тиімді қалыңдықтары, таужыныстардың кеуектілігі және мұнаймен, газбен қанығу дәрежесі, ұңғымалардың өнімділік коэффиценттері анықталады. К.Б.-ға тиесілі жұмыстар кешеніне кіретін әрекеттер: керекті жағдайда мұнай мен газ ағымдарын күшейтетін әдістерді пайдалана отырып барлау ұңғымаларын бұрғылау, сынамалау және сынау; ұңғымаларды геофизикалық тұрғыдан зерттеу; ұңғымаларды зерттеудің геохимиялық, гидрогеологиялық, гидродинамикалық т.б. түрлерін жүзеге асыру; ұңғымалық және жерүстілік (теңіздік) сейсмобарлауды сараптау, оның ішінде геологиялық-геофизикалық материалдарды, бұрғыланған ұңғымалардан алынған деректерді ескере отырып саралау; кенорынның игерілуі жолға қойылған аудандарда ұңғымалардың тәжрибелік-өндірістік игерілуін қамтамасыз ету. К.Б. нәтижелеріне сәйкес, төмендегі мәселелер шешіледі: кенорындарды өндірістік және өндірістік емес кенорындарға жіктеу; қиманың мұнай-газ көздері ашылған бөлігінде барлау нысандары мен қабаттарын жекелеу; кенорындар мен жатындарды игеруге дайындау ретін анықтау; болашақ барлау жұмыстарының оңтайлы әдістерін негіздеу.[1]
Answers & Comments
Объяснение: