Музыка – эстетикалық тәрбие негізі болып табылады. Оған деген сүйіспеншілік, баланың музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол – өсу, даму процесінде қалыптасады.Музыка адамды шаттыққа бөлеп мұң-зарын сейілткен. Музыканың әсер ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез-құлқы мен салт-дәстүрін де өзгерте алады. Жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. Әсем ырғақты жан тербетер ән мен музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып ерекше сезімге, қуанышқа бөленеді. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп Абай атамыз жырлағандай, шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ, музыка әсер етеді. Ең алғашқы анасының әлдиі, бесікке таянып айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын тыныштандырып тәтті ұйқыға кетуіне әсер етеді. Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар – «Шілдехана», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» т.б. бәрі де әнсіз, өлеңсіз, жырсыз өтпеген.
Жалпы музыкаға деген сүйіспеншілікті қалай түсінесіздер? Әр адамда өзінің сүйікті ісі болады. Ол сурет салу,билеу,кітап оқу болу мүмкін. Және солардың біріне өлең айту( музыка )жатады. Біз сол музыка туралы айтатын боламыз! Музыканың бірнеше түрі бар десе болады. Музыка көңілді, мұнайлы, трагедиялық, ем шипалық болуы мүмкін. Музыканың сондай қасиеттерін тек осы музыкамен айналысатын немесе шын жүректен жақсы көретін адамдар көре алады. Олар шынайы осы әуенмен ( музыкамен ) рақат алады. Жүректеріне жылулық сезімдер әкеледі! Мысал келтіретін болсам : менің досым өте қатты өлең айтқанды,музыка тыңдап соны зерттеуді жақсы көреді. Ол музыка тыңдап соған жарасымды хореография ойлап табады! Сол досыма қарап ақ музыкаға деген шынайы сүйіспеншілігін көруге болады!
Answers & Comments
Ответ: