Бірде бір ақ мысық болыпты. Мысық қаланың жылы пәтерлерінде дүниеге келіп, өскенше тек сонда ғана болыпты. Бірақ, бір күні ашық тұрған терезеге бір көгершін қонып, мысыққа ұзақ қарап тұрып:
- Осы, мысық, сенің өмірің не? Бір пәтерден басқа ешнәрсе көрмегенсің, көргеннің өзінде тек ана тұрған көгілдір кораптан ғана. Сенің өмірің түкке тұрмайды, - депті.
Сонда мысық еш жауап таба алмай, үнсіз қалыпты. Арада бірнеше күн өтеді. Мысық көгершіннің айтқанын есінен еш шығара алмайды. Ұзақ толғанып, осы үйден кетемін деген шешім қабылдайды. Маңайындағы адамдарды қимасам да, өмірді көремін деп үйден қашады.
Далаға шыға салысымен желдің жылы лебін сезеді, айнала толған құрт-құмырсқа, басқа жануарлар. Осыған тамсана қарап, бір заттан екінші затқа жүгіремін деп үйден қалай алыстағанын ұқпай қалады. Алайда, үлкен ғаламды көремін деп жүре береді. Кеш батады. Өзге қызық көп, алайда оны не басқа жануарлар, не адамдар қабылдамайды, қол ұшын созбайды. Қарны аш, өзі шаршаған мысық пәтердегі өмірі не деген керемет екенін, жанұясы оны қалай еркелететінін түсінеді, алайда қайта алмайды.
Күнердің күнінде өзіне келген көгершінді көреді.
-Көгершін, мен өмірді көрдім, енді үйіме қайтқым келеді,- дейді мысық. Сонда көгершін:
-Кеткен өзің, мен болыспаймын. Сен де менің жағдайымды түсіндің- деп ұшып кетеді. Сол кезде мысық басқалардың не айтса да әрқашан таза ниетпен айтпайтынын, қызғаныш та орын алатынын түсінеді. Көңілі түсіп, еш шарасыз екенін ұғады. Солай отырған кезде бір таныс дауыс естиді. Кейін өз есімін де естиді. Қуанышы қойынына симай жүгіре жөнледі. Сөйтсе ол - өзінің ең жақын досы, сол пытерде бірге тұратын иесінің ең кенже баласы екен.
Міне осылай мысық үйіне қайтады. Бірақ, осылай ессіз шешім қабылдап, біреудің сөзіне еріп жақындарын түкке тұрмайтын зат үшін тастап кеткенін түсінген мысық енді өз өміріне үлкен жауапкершілікпен қарайтын болыпты.
Answers & Comments
Verified answer
Әңгіме "Мысық"