erkebulan306
Астана – ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмән ойымен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала –Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Халқымыз Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Астана дамып, көркейе түсті.Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады. Гүлденген Астанамыз түрленген жас қаламыз – елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.Ару Астанамыздың көрсе көз тартар –көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағытта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды
1 votes Thanks 1
kanedzhi29
Спасибо. Ты столько написал ещё на казахском дал бы 400 если мог бы
Answers & Comments