N98 Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңдар (-ы,-і,-сы, -сі, -
(ы)ңыз,-(і)ңіз).
1) Сіздің кабинет.........ден орындықтар алуға бола ма? 2) Ол Саматтың
үй.........нен алыс тұрады.
3) Сіздің үй.........ден аялдама алыс па? 4) Өсімдіктердің
тамырлар.........нан дәрі жасайды.
5) Мұғалім Әсемнің бақылау жұмыс.........нан бір қате таппады. 6) Әлібек
сіздің ауыл.........дан ба?
7) Әжем қойдың жүн.........нен көрпе жасады. 8) Оның қол.........нан бәрі
келеді. 9) Сіздің терезе.........ден
театр көріне ме? 10) Жылқының сүт.........нен қымыз жасайды, ал
түйенің сүт.........нен шұбат жасайды.
Answers & Comments
Ответ:
1) Сіздің кабинетіңізден орындықтар алуға бола ма?
2) Ол Саматтың
үйінен алыс тұрады.
3) Сіздің үйіңізден аялдама алыс па?
4) Өсімдіктердің тамырларынан дәрі жасайды.
5) Мұғалім Әсемнің бақылау жұмысынан бір қате таппады.
6) Әлібек сіздің ауылыңыздан ба?
7) Әжем қойдың жүнінен көрпе жасады.
8) Оның қолынан бәрі
келеді.
9) Сіздің терезеңізден
театр көріне ме?
10) Жылқының сүтінен қымыз жасайды, ал түйенің сүтінен шұбат жасайды.