Надандық – қазақ ұғымында тек «оқымағандық», «сауаты жоқтық» дегеннің ғана синонимі емес. Надандық деп ең алдымен ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, ырым-кәделерді, ататегін, аталы сөздің нарқы мен парқын айыра білмеуді, өмір салты мен замана үрдісін, т.б. осы сияқты өз этносының болмысы мен тіршілік-тынысын жетік білмейтіндікті айтады. Сондықтан кейде жат ортада өсіп-өніп, өз ортасын біле бермейтін, білгісі де келмейтін жат мінезді адамдарды да, не, керісінше, бір жерде ғана өсіп-өніп, өз ауылынан басқа жұртты, оның өмір-тіршілігін, жалпы этностық қауымды біле бермейтін томаға-тұйық адамдарға тән қасиетті де, «надан», «надандық» деп айта береді.
Answers & Comments
Ответ: