Опера (итал. орера - дәлме-дәл шығарма, лат. орера - еңбек, бұйым, туынды) — музыкалық өнер жанры.
Операның әдеби негізі (либретто) музыкалық драматургия және ең алдымен вокалдық музыка формаларының тәсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол - вокалдық пен аспаптық муз., драматургия, хореография (балет) және бейнелеу өнерінің (декорация, костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әртүрлі өнер түрлерін біртұтас театр әрекетіне біріктіретін синтезді жанр. Жеке айтылатын ән (ария, ариозо, каватина, монолог, баллада), речитатив (тақпақ сазды қысқа әуен), ансамбль (дуэт, трио, квартет, квинтет), хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады.
Операның тарихи даму барысында оның түрлі жанрлары қалыптасты: эпикалық-қаһармандық, тарихи-қаһармандық, тарихи-романтикалық, тарихи-тұрмыстық, лирикалық-тұрмыстық, драмалық, комедиялық және сатиралық опералар. Сондай-ақ, Италияда опера-сериа мен опера-буффа, Францияда комедиялық және лирикалық, ал Англияда балладалық опера жанрлары өмірге келді. Бұдан басқа муз. драма, опера-балет секілді жанрлары болды. Опера тарихы адамзат қоғамы тарихы мен мәдениетінің даму жолымен тығыз байланысты. Музыкалық театрдың негізгі халықтық ойын-сауыққа саяды. Ежелгі гректердің дионисийлік ойындары мен грек трагедияларының өзінде-ақ музыка үлкен рөл атқарды. Опера жеке жанр болып 16-17 ғасырлар аралығында қалыптасты. Қайта өркендеу дәуірінің гуманистік идеялары ықпалымен көптеген еуропалық ұлттық мәдениетте музыкалық-драмалық спектакльдердің жаңа түрі туа бастады. Бұл әсіресе Италияда кеңінен өріс алды. Опера жанрының Батыс Еуропадағы көрнекті өкілдері: К.Монтеверди, А.Скарлатти, Дж. Б.Перголези, Дж. Россини, Дж. Верди, Дж. Пуччини (Италия); Г.Ф. Гендель (Англия); Ж.Б. Люлли, Ж.Ф. Рамо, Ш.Гуно, Ж.Бизе (Франция); К.В. Глюк (Астрия, Франция); В.А. Моцарт (Австрия); Л.Бетховен, К.М. Вебер, Р.Вагнер (Германия); Ф.Эркель (Венгрия); С.Монюшко (Польша); Б.Сметана, А.Дворжак (Чехия), т.б.
Answers & Comments
Ответ: