Су - тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. Себебі алғашқы тіршілік суда басталады. Жердегі ең көп таралған заттың бірі су. Мұхит, теңіз, көл, өзендерден басқа су барлық тірі ағзаның құрамында кездеседі. Мысалға адам ағзасындағы қанның немесе шырынның негізгі құрамы судан тұрады. Кәдімгі құрғақ өсімдік дәнінде де белгілі бір мөлшерде су болады. Кейбір теңіз жәндіктері, мысалыға медузаның 97-98% - ы судан тұрады. Судың құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете береді. Су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады. Оның құрамындағы жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре бермейміз. Судың жарық түсе бермейтін қабатында терең емес жерлерінде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі мекендейді. Мұхиттер мен теңіздердің терең қабаттарына - жарық түспегеннен қараңғы болып келеді. Ол жерлерде тек қана сондай тіршілік ортасына бейімделген жануарлар мекендейді, өсімдіктер мүлдем кездеспейді. Судағы еріген оттегімен су жануарлары желбезек арқылы тыныс алады.Қыста көлдер мен тоғандардың қатуы су жанураларына қиындық туғызады. Оттегінің жетіспеуі салдарынан жануарлардың жаппай қырылып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда мұзды бірнеше жерден ойып, суды оттегімен байытып отыру керек. Көптеген жануарлар суда өмір сүруге бейімделген - жүзбе қанаттары, ескек тәрізді аяқтары және саусақтарының арасында жарғақтары болады. Мұхиттар мен теңіздердің тұзды суларында көптеген балдырлар кездеседі. Балдырдың кейбіреуі су бетінде қалқып жүрсе , енді біреулері су түбіне бекініп өседі. Балдырларды су жануарларының қорегі ретінде, кішігірім балықтар тұрақты мекені ретінде пайдаланады. Ең маңыздысы ауаны оттегімен байытып отырады
Answers & Comments